Токиодағы Олимпиада ойындарына Қазақстан қанша қаражат бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Токиодағы Олимпиадаға ҚР олимпиадашыларын дайындауға және қатыстыруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл бағытта Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Құрылған ұлттық құрамалар сонда шоғырланған. Барлық қаражат Ұлттық олимпиада комитеті арқылы өтеді. Бізде тек олимпиадалық емес спорт түрлері қалды. Ұлттық олимпиада комитеті министрлік арқылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына шамамен 15 миллиард теңге бөледі», - дейді Ерлан Қожағапанов.

Оның айтуынша, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына шамамен 6 млрд теңге жұмсалған.


Соңғы жаңалықтар