Токиода Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке дайындық жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің кездесуі өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 2-3-і аралығында  Жапонияның Токио қаласында келесі жылы көктемде Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке дайындық жөніндегі  ұлттық үйлестірушілердің кездесуі өтеді.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған алқалы жиынға Қазақстан тарапынан  ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров қатысады.

СІМ баспасөз хатшысының айтуынша, шараға қатысушылар ядролық материалдарды таратпау, заңсыз айналымға қарсы әрекет ету, оның басты принциптері және қауіпсіздіктің ғаламдық аспектілерін қамтитын Саммит жұмысына дайындық барысына қатысты мәселелерді талқылайды.

Соңғы жаңалықтар