Токиода құны 29 млн доллар лағыл тас ұрланды

None
None
ТОКИО. Kyodo News-ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Токио қаласының орталығындағы ғимараттан сату туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан кезде құны 3 миллиардқа жуық иена (29 миллион доллар) болған өнделмеген лағыл тас ұрланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ер адам астананың Гиндза ауданында болған оқиға орнынан ізін суытты.

Түске таман бұл келеңсіз жағдай туралы ер адам полицияға хабарлаған.

Оқиғаның куәгері полицияға күдіктілер ізін жасырмас бұрын жәшікке тас салып кеткенін айтты.

Ғимарат көптеген элиталы дүкендер орналасқан ауданда, Ginza Tokyo Metro Co. стансасына жақын жерде орналасқан.


Соңғы жаңалықтар