Токиода 14 легионер Қазақстан атынан өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына Қазақстан атынан қанша легионер қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Олимпиада құрамасының құрамында бұрындары өзге елдерден тартылған 14 адам бар. Қазір олар – Қазақстан Республикасының азаматтары. Халықаралық ереже сондай. Егер басқа елдің азаматы ұлттық құрамаға алынса, міндетті түрде сол елдің азаматтығын алуы керек. Аталған 14 адамның бәрі көптен бері Қазақстанда өмір сүріп жатыр және біздің бапкерлердің қол астында жаттығып жүргенін айтқым келеді. Сондықтан олардың бүкіл жетістіктері қазақстандық бапкерлермен бірге жатығып, шыңдалғандарының арқасы деп түсіну керек. Олардың жетістіктерге жетуіне біздің қазақстандық бапкерлер мен мамандардың қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды», - деді Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.


Соңғы жаңалықтар