Токио: Пандемия медальден үмітті спортшылардың жарақатын дер кезінде емдеуге мүмкіндік бермеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия Токио Олимпадасының қарсаңында медальден үмітті спортшылардың жарақатын дер кезінде емдеуге мүмкіндік бермеген. Ұлттық Олимпиада комитеті бас ассамблеясының отырысында комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ, жарақат мәселесін де кедергі фактор ретінде атауға болады. Пандемия кезінде сапалы медициналық сервистің болмауы жарақаттардың қордалануына әкелген. Пандемия кезінде медальден үмітті спортшылардың көбінде жарақат болғанын анықтап отырмыз. Оны шектеулердің кесірінен сол кезде емдеу мүмкіндігі болмады», - деді комитеттің бас хатшысы.

Оның сөзінше, кей спорт түрлерінен бапкерлер дайындықты әлсіретіп алған.

«Ең негізгі себептердің бірі – бағана да айтқанымдай, олимпиадалық резервтің жоқтығы. Токио ойындары олимпиадалық резервтің деңгейі - негізгі проблеманың бірі екенін көрсетті. Пандемия басталғаннан бері олимпиадалық даярлық орталықтарының жұмысы түгелдей тоқтатылған болатын. Соңғы екі жылда олимпиадалық резервтің жас буынын жоғалту келесі олимпиадаларда жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін», - деді Андрей Крюков.


Соңғы жаңалықтар