12:47, 24 Шілде 2021 | GMT +6
Токио-2020: Зарина Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Зарина Дияс Токио Олимпиадасын бірінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан.
Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.