Токио-2020: Закир Сафиуллин жартылай финалдан тыс қалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Закир Сафиуллин (63 келі) жартылай финалдан тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы бүгін ширек финалда аустралиялық Харрисон Гарсайдпен кездесті. Екеуінің жекпе-жегінде бес төрешінің үшеуі Закирдің басым екендігін көрсетті. Екінші раундта бұл керісінше болды.

Осылайша үшінші раунд екеуінің тартысты жекпе-жегімен жалғасты. Нәтижесінде төреші аустралиялық боксшының қолын көтерді.

24-жастағы Харрисон Гарсайд Олимпиадада тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Алғашқы екі жекпе-жегінде Папуа-Жаңа Гвинея елінен келген Джон Уме мен намибиялық Йонас Йонасты 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Олимпиадада Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік Леодан Пезоны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға бокстан ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Закирден өзге Сәкен Бибосынов (52 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар