Токио-2020: Су добынан Қазақстан құрамасы Аустралияға есе жіберді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы Аустралияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар бүгінгі кездесуде аталған қарсыласынан 7:15 есебімен жеңілді.

Одан бұрын Хорватиядан 7:23, Сербиядан 5:19, Испаниядан 4:16 және Черногориядан 12:19 есебімен тізе бүккен еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсті. Қарсыластарының барлығынан жеңіліп, өз тобында бесінші орынды місе тұтты.

В тобында Испания, Хорватия, Сербия және Черногория құрамалары ширек финалға жолдама алды. Ал А тобында мұндай мүмкіндікке Грекия, Италия, Венгрия, АҚШ құрамалары ие болды.

Ширек финал 4 тамызда өтсе, жартылай финал 6 тамызға белгіленген. Ал 8 тамызда финал мен 3-орын үшін сайыс болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға төртінші мәрте қатысып отыр.

2000 жылы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға табан тіреп, әзірге ол құраманың ең жоғары жетістігі ретінде тіркелген.


Фото: ҚР ҰОК

Соңғы жаңалықтар