Токио-2020: Сәкен Бибосынов қола жүлдегер атанды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жартылай финалда ұлыбританиялық Галал Яфаймен қолғап түйістірді.

Үшінші раундта Сәкеннің басымдығы байқалды. Қорытынды нәтижеде төрешілер ұлыбританиялық боксшының қолын көтерді.

Алғашқы екі раундта қарсыластар тепе-тең деңгейде ойын көрсетті.

Сәкен Бибосынов 1997 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, ефрейтор Сәкен Бибосынов - ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы.

Сәкен бұған дейін Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны, франциялық Биллал Беннамды, испаниялық Габриэль Эскобарды жеңіп кетті.

Ал Галал Яфай 1992 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Бұдан бұрын дүниежүзілік деңгейде жетістікке жете қойған жоқ.

Галал Яфай бүгін ширек финалда әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері атанған кубалық боксшы Йосвани Вейтияны 4:1 есебімен қапы қалдырып кетті.

Одан бұрын армениялық Корюн Соломонянды, одан кейін замбиялық Патрик Чинембаны жеңді.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға бокстан ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Оның арасынан Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық боксшылар бұған дейінгі Олимпиадаларда барлығы 22 медаль алған. Оның 7-і алтын, 7-і күміс, 8-і қола.

Фото: olympic.kz
Соңғы жаңалықтар