Тоқаевтың Қытайға сапары екіжақты қарым-қатынастың дамуына серпін береді - Ли Кэцян
«Жылдар бойы жасасқан екіжақты қарым-қатынас саяси өзара сенімді нығайтып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтар елеулі табыстарға қол жеткізіп жатқанын көру қуаныш сыйлайды. Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы достықты нығайтуға міндетті түрде серпін береді деп сенемін», - деді кездесуде Ли Кэцян.
Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев қарашаның басында Қазақстанға жасаған Ли Кэцян сапарының табысты болғанын атап өтті. Ол Қазақстанның қытайлық экономиканың даму қарқынын аса үлкен қызығушылықпен бақылайтынын тілге тиек етіп, ҚР Парламент Сенатының қызметімен таныстырды. Тараптар түрлі салалардағы ҚР мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтардың болашағын талқылады. ҚР Парламенті Сенатының спикері Чжан Дэцзянді өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар жасауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылы маусымда Астанада ЭКСПО-ның ашылуы өтетінін, оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қатысуға шақыратынын атап өтті.