Тоқаев: Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір жыл бұрын мен бей-берекет үйілген қоқыс орындарына қатысты жүйелі шаралар қабылдау жөнінде тапсырма бердім. Өкінішке қарай бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Кейбір тұрмыстық қалдықтарды көмуге тыйым салып, тығырыққа тірелдік. Көмуге де болмайды, арнаулы орындар да жетіспейді. Осы түйткілді шұғыл әрі жүйелі түрде шешу қажет. Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау және жазалау шараларын күшейтуды тапсырамын. Әсіресе құрылыс компаниялары мен қоқыс шығаратын компанияларды жіті бақылауда ұстау қажет», - деді ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл жұмысқа қоғам өкілдерін және экобелсенділерді тартқан жөн.

«Телефон арқылы жедел хабар желісін іске қосу қажет. Сондай-ақ келіп түскен хабарламаларды шұғыл өңдеп, атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы ақпарат беру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану керек. Бұған қоса, Үкімет әкімдермен бірлесіп, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын заңды түрде шығаруға қажетті жағдай жасауға тиіс»,- Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар