Тоқаев: Тек мемлекеттің мүддесіне сай келетін құжаттарға қол қою керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер кезінде тек мемлекеттің мүддесіне сай келетін келісімшарттарға қол қою керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің өнімдердің сапасы жеке назар аударарлық мәселе. Еуразиялық экономикалық одақтың регламенттеріне жете алмай отырғанда алыс және жақын шетелге экспорт туралы қалай айтуға болады? Сүт бойынша техникалық регламент 2013 жылы қабылданған болатын. 2019 жылы ЕАЭО аясында серіктестерімізбен мерзімді тағы бес жылға шегеруге келісуге тура келді. Сала дайын болмай қалды. Бұл жерде енді мынадай сұрақ туындайды: Сіздер неліктен мұндай келісімге қол қойдыңыздар? Келіссөздер барысында тек мемлекеттің мүддесіне сай келетін құжаттарға қол қою керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұрын Қазақстан кез келген келісімдерге қол қойып келгенін еске алды.

«Қазіргі таңда бұл үрдісті тоқтату керек. Кез келген келісімге қол қоюға болмайды», - деп қадап айтты Қ.Тоқаев.





Соңғы жаңалықтар