Тоқаев пен Жапаров келіссөздері қорытындысы бойынша қандай құжаттарға қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

  • -Қазақстан Республикасының Президенті мен Қырғыз Республикасы Президентінің бірлескен Мәлімдемесі;
  • -Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім;
  • -Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік арасындағы ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту туралы ведомствоаралық келісім;
  • -Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
  • -Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Цифрлық даму мемлекеттік қызметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • -Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның 2021-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары;
  • -Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және Қырғыз Республикасы Энергетика және өнеркәсіп министрінің арасындағы электроэнергиямен тауар алмасу туралы хаттама;
  • -Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігінің арасындағы 2021 жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасы.


Соңғы жаңалықтар