Тоқаев өзінің екінші Жолдауында қандай мәселе қамтылатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің екінші Жолдауында экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен, өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге, Президент қазіргі дағдарыстың шикізаттық сипатта экономикамызға қауіпті екенін және оның барлық атрибуттары көрсетілген жаңа бағыт керектігін айтты.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс жүйесі арқылы өтті.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.


Соңғы жаңалықтар