Тоқаев меморгандарда автопаркке қомақты қаржы жұмсалатынын сынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарда автопаркке қомақты қаржы жұмсалып жатқанын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюжеттің елеулі қаражаты орталық мемлекеттік органдардың басшылығы үшін автопаркті күтіп ұстауға жұмсалады. Мәселен, бір автокөліке жылына 6 миллион теңгеден астам (техникалық қызмет көрсету мен басқа да шығындар) жұмсалады», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда Мемлекет басшысы бірқатар елде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы тәжірибесі енгізілгенін айтты.

«Бұл тәжірибе бірқатар мекемеде пайдаланылып келеді. Осындай қадам «Самұрық-Қазына» қорында да апробациядан сәтті өтті. Бұл өз кезегінде қызметтік көліктер санын айтарлықтай қысқартуға, әкімшілік шығыстарды 1,5 млрд теңгеге азайтуға мүмкіндік берді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қ. Тоқаев Үкіметке Президенттің іс басқармасымен бірлесе мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөлікпен жаңа үлгі бойынша қамтамасыз етуге қатысты ұсыныс енгізуді тапсырды. Бұл тұрғыда елеулі түрде қысқарту қажеттігі бар.


Соңғы жаңалықтар