Тоқаев Қытай басшысын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келіссөздер барсында Қасым-Жомарт Кемелұлы Қытай төрағасын Қазақстанға ресми сапармен шақырды. Оның нақты мерзімдерін Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналармен пысықтайтын болады. Сонымен қатар бірқатар қытай компаниясы Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отыр. Олармен біз жаңа бағыттарда жақсы жұмыс істеуге сөз байластық», - деді Президент көмекшісі.

Сонымен қатар ол Қазақстан Президентінің Қытайға екі күндік мемлекеттік сапары жемісті өткендігін айтты.

«Жалпы, Бейжіңде, Ханчжоуда болған бағдарлама алдын ала Президент Әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен дайындалған тұжырымдарға толық сәйкес болды деп айта аламыз. Қос Мемлекет басшылары жылы және достық райда келіссөздер жүргізді. Оның барысында дипломатиялық қатынастар орнатылған 27 жылдың ішінде Қазақстан мен Қытай арасында әртүрлі салада қол жеткізілген елеулі нәтижелер жоғары бағаланды», - деді М.Нұртілеуов.



Соңғы жаңалықтар