+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Тоқаев «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-ның сервис орталығын аралап көрді

2021 жылғы 27 шілде 19:15
Бөлісіңіз:
Тоқаев «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-ның сервис орталығын аралап көрді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне қызмет көрсететін ТМД-дағы ең ірі сервис орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік жұмыс сапарының видеосы жарияланды Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

Президент оқу бөлмелері мен агрегаттық шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникаларын күрделі жөндеуден өткізетін орталықты, цифрландыру және автоматтандыру үдерістері, заманауи технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы жөніндегі оқу орталығын, өнім сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ, көрме алаңдарын аралап көрді.

Жаңа аутлет қазіргі заманның талаптары мен үрдістеріне жауап береді. Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар техникаларды күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының еліміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, алдымызда еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұр. Бірақ заманауи технологияларды енгізбей және менеджментті жақсартпай оған қол жеткізу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы фермерлер мен заманауи технологияларды меңгерген жас мамандарды оқыту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жолға қоюдың маңызды екенін айтты. Бұл, өз кезегінде, аграрлық саладағы білікті кадрлардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT