Тоқаев экономика алдында тұрған жаңа сын-тегеуіріндер туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экспорт пен ішкі нарық Қазақстанға жаңа сын-тегеуірінмен күреске көмектесуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өнеркәсіптің, сонымен қатар толықтай алғанда ел экономикасының алдында тұрған жаңа сын-тегеуіріндерді де ескеруге тиіспіз. Бұл - сауда соғыстары, ірі экономикалық державалар арасындағы санкциялық шектеулер. Дүниежүзілік сауда принциптеріне нұқсан келтіре отырып, сауда режімдерін шектеу жалғасуда. Протекционистік саясатта күшейіп келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикасына көмек көрсету үшін экспорт пен ішкі сауданы қарқынды дамыту қажеттігін баса айтты.

«Мұндай жағдайда Қазақстанның экономикалық әлеуетін жүзеге асыру үшін ұлттық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту басты мәселе болмақ. Оған ең алдымен Үкімет көмектесуі тиіс. Индустрияландыру орталық элементі экспортты одан әрі ынталандыру мен ішкі нарықты дамытуға негіз болуы қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар