Тоқаев ауыл халқының мал жаятын жер таппай отырғанына алаңдаушылық білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы себепті Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жая алатындай қажетті нормативті ұстануы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елде ауыл шаруашылығы техникасына қажеттілік зор. Сол себепті, Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазАгро жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қажетті техниканы өндіріп, сату бойынша қаржыландыру механизмін жолға қоюы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда аграрлық секторды дамытуға - тұқым өсіру шаруашылығына, сұрыптарды жаңартуға, минералды тыңайтқыштарға жыл сайын қыруар қаражат бөлініп жатқанын еске салды. Президенттің айтуынша, осыған қарамастан, бидайдың орташа өнімділігі гектарына 12 центнерден аспай тұр.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлы өңірлердің әкімдіктерімен бірге АӨК саласындағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша нақты шараларды қабылдауы керек», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар, Ақмола облысындағы жайылым жерлерінің көлемі шамамен 4,5 млн га екенін, соның 88 пайызы пайдаланылып отырғанын атап өтті.

«Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар