Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтеді
Жолдастық кездесуге ерлер құрама командасынан - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы); Нұрбек Қабиев (2 дүркін Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Жанат Қаймолдин (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Бексұлтан Бостандықов (Әлем чемпионатының жүлдегері, ашық Азия Кубогының жеңімпазы); Азамат Қайдаров (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады.
Жолдастық кездесуге әйелдер құрама командасынан - Салтанат Сапарбекова (Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері); Гүлжанат Алдабергенова (Әлем чемпионы, Азия чемпионы); Роза Раимбекова (Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы); Ализа Ерниязова (Әлем чемпионатының жүлдегері), Құндыз Есіркеп (ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, ҚР чемпионы) қатысады.
Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні сағат 16:00-17:00-де iggamecenter.com сайтынан және тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Бас жаттықтырушы - Серік Ақтаевтың Instagram -дағы @aktayevserik парақшасынан тікелей эфирде көруге болады. Ойындарды 2020 жылғы 4 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы әр сенбі күні