«Тобыл» футболшылары жаттығу жұмыстарын бастады
25 мамырдан бастап Қостанай облысында санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, көптеген нысандардың, соның ішінде спорттық ұжымдардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сол себепті қостанайлық кәсіби футболшылар жасыл алаңға оралуға мүмкіндік алды.
«Үзілістен кейін бірінші жаттығу жеңілдетілген режимде өтті. Бапкерлер штабы футболшылардың жағдайын бағалады, соған қарап алдағы жұмыс жоспарын құрады. Қазіргі OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының жалғасатын күні белгісіз, бірақ турнирді жалғастыру үшін екі жоспар қарастырылуда. Біріншісі – көрерменсіз ойындар 15 маусымнан, ал екіншісі жабық алаңдарда 1 шілдеден басталуы мүмкін», - делінген клуб сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты.