ТМД Үкіметаралық кеңесі құрылыстағы жіктеудің қазақстандық бірыңғай жүйесін мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Онлайн режимде өткен ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің (Үкіметаралық кеңес) XI отырысында қатысушылар құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін қабылдауды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметаралық кеңес ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс және стандарттау жөніндегі ұлттық органдарына «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» мемлекетаралық стандартын (МЕМСТ) қарауды және енгізу үшін дауыс беруге қатысуды ұсынды.

Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін енгізу туралы ұсынысты алғаш рет 2019 жылы Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархаббат Жайымбетов айтқан болатын. Үкіметаралық кеңесте Құрылыста жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының оң тәжірибесі атап өтілді және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.


«ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында 2018 жылдан бастап құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу проблемалары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Базалық ұйымы жанында ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі Комиссия (Комиссия) жұмыс істейді.

2020 жылғы 29 қазанда Комиссия отырысында «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» жобасын 8 мемлекеттен келген құрылыс саласындағы 30 жетекші сарапшы қарады. Өзара пікір алмасып, МЕМСТ-ты жоғары тұрған органдарға ұсыну және құжатты стандарттау жөніндегі бейінді алаңдарға орналастыру туралы шешім қабылданды.

Құжат Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералды орталығының (ФСО ФАМ) бастамасы бойынша Құрылыстағы цифрландыру және жобалау ғылыми-инженерлік орталығымен (РФ) әзірленді.


«Құрылыстағы бірыңғай жіктеу жүйесінің негізгі рөлі - ақпаратты компоненттерге, функционалды және техникалық жүйелерге бөлу, оларды бірегей сәйкестендіру және шатасуды азайту болып табылады. Бұдан басқа, мемлекетаралық стандарт халықаралық талаптарға сәйкес мазмұны ұлттық деңгейде айқындалуы мүмкін жіктеу кестелерінің номенклатурасын белгілейді»,- деп түсіндірді Ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның басшысы Александр Шахнович.

Құрылыстағы халықаралық стандарттарға негізделген жіктеу мен кодтаудың аталған жүйесі ТМД-ға қатысушы елдерге заңнаманы және әрбір елдің ұлттық талаптарын ескере отырып, ақпараттық модельдерде ақпаратты құрылымдау мәселелерінде бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді деп болжануда.


Соңғы жаңалықтар