ТМД: Нұр-Сұлтан мен Алматы виртуалды саяхат жасауға болатын үздік ондықта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы ТМД-дағы виртуалды турларға (қаланың көрікті жерлері мен музейлеріне виртуалды экскурсия жасау) ыңғайлы үздік қалалардың ондығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Виртуалды турлар мен интернет-саяхаттар бойынша ТМД-дағы қалалар ішінде алғашқы үштікте - Минск, Алматы және Ташкент тұр. Бұл ретте ТМД-дағы үздік қалалардың ондығына Беларусьтегі Минск пен Витебск, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Өзбекстандағы Ташкент, Қырғыз Республикасындағы Бішкек, Әзербайжандағы Баку, Армениядағы Ереван, Молдавадағы Кишинев пен Тәжікстандағы Душанбе кіреді», - деп хабарлайды ТурСтат агенттігінен.

Рейтинг виртуалды турлар бойынша ұсыныстар мен іздеу жүйелеріндегі қалалалардың экскурсияларының санын зерттеу нәтижесі бойынша жасалған.


Соңғы жаңалықтар