ТМД елдерінің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесі өтті
Онлайн режимде ұйымдастырылған кеңеске Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Молдова және Арменияның Денсаулық сақтау министрлері мен ресми өкілдері, сондай-ақ ТМД атқарушы комитетінің мамандары, ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының басшысы қатысты.
Жиында сарапшылар коронавируспен күрес шаралары, санитария саласындағы түйткілдер, қант диабеті дертін емдеу және оның алдын-алу мәселелерін талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша, кеңеске мүше елдер өзара «COVID-19» күресте ортақ шаралар қабылдау, ғылыми тәжірибелер, дәрі-дәрмек және вакцина жасау ісінде ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты. Сондай-ақ, қатысушылар онкологиялық науқастарды емдеу саласындағы бірлескен іс-қимыл стратегиясын орындау басамасына қолдау білдірді.
Еске сала кетейік, биыл ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық Кеңесінің барлық отырыстары Өзбекстан Республикасының төрағалығымен өтеді.