ТМД елдері көлік ұрлығымен бірлесе күресу тетіктерін жетілдірмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжілісте ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік ұрлығына қарсы бірлесе күресуді күшейтуге бағытталған заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толығырақ айтқанда министр «2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы жайлы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды. Аталған хаттамаға осыдан 15 жыл бұрын Молдова, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Беларусь пен Қазақстан қол қойған.

«Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқығының қорғалуын қамтамасыз етудегі тиімділікті арттыру. Қазіргі таңда 2005 жылдан бері күшіне енген келісімге мүше-мемлекеттердің құзіретті органдары кейде көлікті қайтаруға қатысты сұраныстарды қанағаттандыра бермейді. Қазақстанда осы уақыттың ішінде 220 көлік ұрланып, оның тек 30 пайызы ғана елге қайтарылған. Осыған байланысты Келісімге сұранысты орындаудың бір айлық мерзімі бекітіледі. Сонымен қатар сұраныс бойынша ақпаратты беруден бас тартудың нақты негіздемесі де айқындалады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Хаттаманың көмегімен жоғарыда аталған мемлекеттер есептен алынып қалған көліктердің мәліметтерін алмасу мүмкіндігіне де ие болмақ.


Соңғы жаңалықтар