Тимур Пулатов: Әдебиет шынайы оқырмандар ортасына оралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН . ҚазАқпарат - Тимур Пулатов - ( 1939 жылы Өзбекстанның Бұқара қаласында туған) белгілі өзбек және орыс жазушысы, сценарист. Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының, Важа Пшавела(Грузия), Саят Нова (Армения) және Халықаралық Михаил Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты. Өзбекстан мен Тәжікстанның халық жазушысы. 1991 жылы КСРО Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болып сайланды. 1992 жылы КСРО Жазушылар одағы Ресей мен ТМД Халықаралық жазушылар одақтары қауымдастығы (ХЖОҚ) болып қайта құрылғаннан кейін Тимур Пулатов осы ірі жазушылар ұйымын басқарды. 2000 жылы Тимур Пулатов ХЖОҚ төрағасы қызметінен кетті. Ол шығармашылық одақтың басшысы болған кезде, өзі жылдар бойы армандаған әдеби шығармашылыққа қайта оралды. Қазіргі уақытта бүгінгі заман туралы үлкен романның жазу үстінде. Ол «Тарази тасбақасы», «Бұхара үйінің құмарлығы», «Қалқымалы Еуразия» романдары арқылы әлемге танылды. Тимур Пулатовтың шығармалары 50-ге жуық тілге аударылған. 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жазушы Мәскеу қаласында тұрады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әйгілі жазушымен сұхбаттасқан еді.

- Жазушылар мен ақындардың дәуірі болды. Ш.Айтматов, Р.Гамзатов, К.Кулиев, М.Карим, Д.Кугультиновтердің атағы дүркіреп, әлемге әйгілі болды. О. Сүлейменов, М. Шаханов, Т. Зұлфықаров, Г. Сафиева сияқты санаулы жұлдыздар қалды. Әдебиетке Сіздердің буындай үлкен лептің болмағаны байқалады. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

- Сіз айтқан жазушылар, және тек қана олар емес біздің заманымыздағы қалам ұстағандардың басым бөлігі, өз шығармашылығындағы материалдарда, жазу стиліндегі сюжет, олардың өзіндік ерекшелігі мен ұқсастығын білдіру үшін ғана емес, сонымен қатар өзі өмір сүрген ортаға, партиялық әкімшілік әдебиетке, цензураға да қарсылық танытты. Белгілі бір деңгейде осындай арпалыс әркімнің сезімінде болды. Осы жағдайлардан қашу және оларды тануды өзгертпестен жасау үшін жазушылар, кейде әртүрлі күрделі жанрларда, халық шығармашылығы, мифтер мен аңыздар аллегорияларын қолданып, өзін-өзі көрсетудің жаңа түрлерін тудырып жататын. Реализмнің астары ретінде, көркемдік экспрессиядағы шындықтың көптеген мағыналары бар, қысқасы цензурадан аулақ болу үшін олар «эзоптық тілде» көрсетілген.

Соның нәтижесінде, олар өздерінің ұлттық әдебиеттерінде ұлттық деңгейге көтерген жаңа сөз, жаңа пікір айта алды. Ал бізден кейінгі буын үшін енді өмірдің көптеген құбылыстарына «тыйым» қойылмайды, «жоғарыдан» нағыз әдебиеттің азабынан туындайтын мұндай «қысым» болмайды.

Уақыттың өзі, дәуірдің өзі кішірейіп, маңыздылығын жоғалтты. Қазіргі заманғы әдебиеттің негізгі ағымына айналу парадоксальды болып көрінуі мүмкін, бірақ талантты туындылардың тууы үшін, мейлі ол әдебиетте болсын, кинода, кескіндемеде болсын, авторлар өздерінің шығармашылық азаптарын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның қарсылығын да жеңуі керек. Мен мұны өз тәжірибеме және «совет» кезеңіндегі көптеген көптеген жазушылардың тәжірибелеріне сүйене отырып растаймын.

-Біз Сіздің бұрынқазақ жазушыларымен жақсы араласқаныңызды білеміз. Бұл достық бүгін де жалғасып келе жатыр ма? Қазақ әдебиеті туралы не айта аласыз?

- Қазақ жазушысының шығармашылығымен алғашқы шығармашылық байланысым жас кезімде, Мәскеуде сценаристер мен режиссерлердің жоғары курсында оқып жүрген кезімде болған еді. 1965 жылы! Менің көркемдік жетекшім Василий Иванович Соловьев, өзі майдангер, сценарий жазу тәжірибесі ретінде Бауыржан Момышұлының «Волоколам тас жолы» кітабы негізінде сценарий бойынша екі эпизод жазуды ұсынды. Қалай болғанда да, мен осы жұмысты қолымнан келгенше орындадым. Кейін бізбен Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен кейіпкердің өзі кездесу өткізді ... Маған оның бейнесі өте үлкен әсер қалдырды...сондықтан, жарты ғасыр өтсе де сол ұлы қазақтың бейнесін әлі ұмытқаным жоқ...

Қазіргі заманғы қазақ жазушыларынан, мен Мәскеуде бірнеше рет кездескен Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығын өте жоғары бағалаймын. Жазушылар делегациясы құрамында Шығыс Германияға бірге барып, оқырмандар алдында сөз сөйледік. Нұрпейсов дана, намысты дос ретінде есімде қалды..

Мәскеуде Халықаралық жазушылар одақтары қауымдастығында жұмыс істеген кезде Нұрлан Оразалинмен жиі кездесіп, әдебиет туралы, атап айтқанда сол кездегі көпұлтты әдебиеттің ішіндегі ең жақсысы болған қазақ әдебиеті туралы әңгімелестім. Біздің ұлтаралық әдеби байланыстар өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында дерлік тоқтады. Өкінішке қарай, біздің бір-бірімізге деген қызығушылығымыз азайды, шығармаларымызды аудару азайды, бір-бірімізді көп оқымаймыз да, сирек кездесеміз.

Бірақ қазақ әдебиетінде қандай еңбектер жарыққа шыққан болса, бүгінгі күнге дейінгі түркітілді әдебиеттің жарқын мысалдарының бірі солар болып табылатыны анық.

- Посткеңестік елдер әдебиетінің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар?

- Бұл кеңістікте бұрынғыдай шығармашылыққа ешқандай әкімшілік және цензуралық қысымның болмауынан артықшылық болып көрінер еді. Бірақ қазір біздің буынның ізімен артымыздан келе жатқан жаңа есімдерді атау қиынға соғады, өйткені олармен «бүкілодақтық» және әлем әдебиетінің байланысы үзілді. Қағида: өзіңіз қалаған нәрсе туралы жазыңыз деу, асығыстыққа әкеледі, әдебиетті жаңа формалармен, әдістермен, жанрлармен байытуға мүмкіндік бермейді ... Ал оқырман басқаша, сол данышпанды ұнататын дана, ойлы емес кітап беттері, ол оны ойластырылған, шыдамдылықпен, тағы бір рет қайталап жеңеді. Барлығы интернетте бар сияқты. Бірақ оқырман талғамын тәрбиелейтін Интернет емес, кәдімгі кітап , интернет оқырманды өсірмейді, моральдық-адамгершілік жағынан байытпайды. Көпшілікке әдебиет, кітап өліп бара жатқандай көрінеді.

Бірақ мен әдебиеттің жойылмайтындығына қатты сенімдімін. Әдебиет Софокл, Гомер, Еврипид, Омар Хайям, Фердоуси, Алишер Навои, Низами заманындағыдай шынайы әдебиет білгірлері тәрбиеленген ежелгі және ортағасырлық дәуірлердегі шынайы оқырмандар мен шынайы өнерді танушылар ортасына оралады. Қашан? Әдебиет таралымсыз бағаланып, бірақ оны түсініп, бағалағандардың жан дүниесіндегі інжу-маржандай болған кезде ... Ал қалың романның уақыты өтті деген үкім асыра айтылған. Шексіз оқырман күннен-күнге көп томдық «Шахнаме» эпопеясының даналығының сұлулығына тамсанып, көп беттік романдар мен поэзия туындыларының эпикалық ауқымын қайтадан сезінетін болады.

- Соңғы кезде Қырым тақырыбы сіздің еңбектеріңізде жаңа деңгейге көтерілді . Жалпы, сізді бұл тақырыпқа итермелеген не?

- Мені өз атажұртынан қуылған Қырым тұрғындарының тақырыбы 1988 жылдан бастап, олардың Өзбекстанда өз көзіммен көрген, бөтен елдегі азаптары туралы жазған кезімнен бастап қызықтырды. Цензураны айналып өтіп, мен Қырым туралы жариялап үлгердім , содан кейін кеңестік «Халықтар достығы» журналында, «Мәскеу жаңалықтары» газетінде жарияладым , содан бері бұл тақырып, өз Отанынан әдітсізсіз айырылған халықтың азабы сияқты, шығармашылығымдағы әңгіме, романдарға өтіп жүр. Жақында ғана мен Шоқан Уәлихановтың шығыстанудағы еңбектерімен жете таныс болған, оны жоғары бағалаған көрнекті қырым-татар ақыны, түркітанушы ғалым Бекир Чобан-заде жайлы «Қызыл дауыл – тікенектен жұлдыздарға» деген романымды аяқтадым.

- Бүгінгі әдебиет қай бағытта дамуы керек деп ойлайсыз?

- Біздің ұлттық әдебиеттер, меніңше, бүгінгі күнге дейін кейбір ойларға салмақ түсіретін «социалистік реализм» ауыртпалығынан, билікті мадақтайтын немесе алыс тарихты суреттейтін шығармалардан бас тартуы керек. Бізде мифтік реализм, модернизм, постмодернизм саласындағы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерінде құрылған жанр әркелкілігі жоқ. Бұл, менің ойымша, біздің дәстүрлі шығыс мәдениетімізге, менталитетіміз бен көзқарасымызға ерекше тән ... Мен әлем туралы мұндай көзқарасты ешкімге таңбаймын, тек прозадағы ізденістеріммен ғана жүремін ...

- Рақмет.



Соңғы жаңалықтар