Тимур Дәндібаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тимур Тұрарұлы Дәндібаев 1966 жылғы 2 маусымда Алматы облысындағы Қаскелең ауданының Киров кентінде дүниеге келген.

1990 жылы Вольск жоғары әскери тыл училищесін тәмамдаған.
2001 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін аяқтаған.
2006 жылы Корольдік қорғаныстық зерттеулер колледжін (Лондон қ.) бітіріп шыққан.
2013 жылы «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде жоғары академиялық курсын бітірген.

1990-1993 жж. Түркістан әскери округіндегі 12881 әскери бөлімінде қызмет өткерген.
1994-1997 жж. Алматы гарнизонында автомобиль инспекциясында әскери қызмет өткерген.
1997-2002 жж. Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағында әртүрлі лауазымдарды атқарған.
2002-2007 жж. Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының бастығы.
2007-2011 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары.
2011-2017 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы.
2017-2019 жж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас басқармасының бастығы.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

II дәрежелі «Айбын» орденімен (2011) марапатталған.
Медальдар: 16 медаль (мерейтойлық және еңбек өтілі үшін).

Соңғы жаңалықтар