Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 203-орында тұрған аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернемен кездесті.

Тимофей Скатов қарсыласына 5:7, 1:6 есебімен есе жіберді.

Сағат жарымға жуық созылған бәсекеде аргентиналық спортшы 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Тимофей 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Осылайша, Т. Скатов негізгі турнирге өте алмады.

Биыл Франция ашық чемпионатында жекелей сында әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик өнер көрсетеді.

Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов Қазақстан атынан шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Шымкент турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар