Тимирязев көшесіндегі BRT желісіне тиіспейміз – Бақытжан Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Тимирязев көшесіндегі BRT желісі қаз-қалпында қалады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге Тимирязев көшесіндегі BRT туралы көп айтады. Мен өз ұстанымымды айта кетейін - BRT желісі қалады. Жақын күндері біз ЛРТ құрылысы туралы мәселені қарастырамыз. Қазір Үкіметтен құрылысқа қомақты қаражат сұрап отырмыз. Бұл жобаны мемлекеттің қолдауымен ғана жүзеге асыруға болады. Себебі, мұндай үлкен құрылысқа жергілікті бюджеттің шамасы келмейді. Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісін ұзарту жоспарда бар», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар