Time журналының сауалнамасы бойынша Жыл адамы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Time журналының сауалнамасы бойынша Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди Жыл адамы атанды.

Моди 18% дауыс жинап, сауалнамаға қатысқандардың 7%  2016 жылдың ең беделді тұлғалары деп есептеген АҚШ Президенті Барак Обаманы, АҚШ-тың жақында сайланған Президенті Дональд Трампты және WikiLeaks басшысы Джулиан Ассанжды басып озды. Үндістан Үкіметінің басшысы Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукерберг (2%)  пен АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтонның (4%) да алдына шықты, деп хабарлайды ТАСС.

Time журналының дерегіне сәйкес, әлемнің ең беделді тұлғаларының рейтингі 7 қараша күні белгілі болады және оны журналдың редакторлары шешеді. Алайда, оқырмандар пікірі «қазіргі әлемнің сипатын» көрсетеді, деп есептейді сарапшылар.

«Өзекті саясат орталығының» (Pew Centre) дерегі бойынша, соңғы уақытта Модидің Үндістандағы рейтингі айтарлықтай жоғары болған. Бұндай көрсеткішке Климат бойынша Париж келісімін бекіту әсер еткен. 

Соңғы жаңалықтар