Тибетте 3 мың жыл бұрынғы моладан қола қоңыраулар табылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қытай археологтары Тибет автономиялық ауданындағы қорымнан  жасы 3 мың жыл болатын моланы тапты, деп хабарлайды «Синьхуа».

Аймақтық мәдени мұралар институтының археологы Шака Вандуйдың айтуынша, қорымды қазу жұмыстары 2017 жылдың шілде айынан бері Санда жазығындағы Ланчэнь Цзанбо өзенінің жағасында жүргізіліп келген.

«Арнайы талдау жұмыстары көрсеткендей, табыттар екі топқа бөлінеді. Біріншісінің жасы 3000-3500 жыл шамасында болса, екіншісі 2100 ден 2300 жыл аралығында. Табыттың бірі тастан қаланған қорымда сақталса, екіншісі топыраққа көмілген»,-дейді Шака Вандуй.

Сонымен бірге табыттардан  қыштан дайындалған ыдыстар мен  заттар шыққаны айтылады. Қоладан құйылған қоңыраулар табылған бұл табыттар Тибеттегі ең ежелгі қорымдарға тиесілі.

Фото: planet-today.ru

Соңғы жаңалықтар