+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

The Wall Street Journal: Үйден жұмыс істеудің артықшылықтары

2020 жылғы 1 сәуір 18:02
Бөлісіңіз:
The Wall Street Journal: Үйден жұмыс істеудің артықшылықтары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс кеңседен үйге ауысқан кезде, жағдай да өзгереді. Мұндай кезде жұмыс өнімділігі мен денсаулықты сақтап қалу үшін не істеу керек? Осындай сұрақтарға қатысты тәжірибелі фрилансер өз кеңесін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан емделіп жатқан 199 адамның жағдайы нашар 660 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Автордың айтуынша, короанвирус пандемиясы кезінде көптеген адам үйден жұмыс істеу мәселесімен алғаш рет бетпе-бет жолықты. Мақала авторы өзінің 22 жыл үйде жұмыс істегенін және соңғы төр жылда күйеуінің де қашықтан жұмыс істеуге көшкенін айта келе, оқырмандармен өз тәжірибесімен бөліседі.

«Біріншіден, үйден жұмыс істеген кезде 8 сағаттық жұмыс күнін ұмытыңыз. Кеңседегі жұмыста бұл сағаттардың көбі жиналысқа, әріптестермен әңгімелесуге, кездейсоқ үзіліскке кетеді. Яғни, кеңседегі 8 сағатта атқарлатын жұмысты үйде бес сағатта аяқтауға болады. Екіншіден, күніне үш міндет қана жоспарлау қажет. Бұл әсіресе жұмыс кестесін қажет етпейтін мамандық иелері үшін жақсы. Яғни, бір күнге жоспарланған бірнеше жұмыс аяқталғанда жұмыс та бітті деген сөз», - деп жазады автор.

Мақалада автор уақыт басқарудың жаңа форматына көшуді ұсынады. Мысалы, Timing.app немесе ManicTime секілді компьютерге арналған бағдарламаларды пайдалануға болады. Бұл қосымша жұмыс уақытын есептеп отырады.

«Табиғи энергетикалық циклды сақтаңыз. Түні бойы жұмыс істеп, ертеңінде шаршап жүру ешкімге де қажет емес. Сонымен қатар әріптестермен қарым-қатынасты сақтап қалу да маңызды. Сол себепті олармен жұмыс барысын талқылағаннан кейін 5-10 минут әңгімелесуге де болады. Тағы бір айта кетерлігі, үйде жұмыс істегенде физикалық белсенділік төмендейді. Сол себепті қадам өлшейтін бағдарламаларды қолданып, көп қимылдауға тырысу керек», - деп жазады автор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT