The Kazakhstan Monitor әлеуметтік желіде ағылшын тілінде жаңалық таратады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – The Kazakhstan Monitor газетінің Instagram парақшасында Қазақстан туралы өзекті және қызықты жаңалықтарды ағылшын тілінде оқуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Kazakhstan Monitor – қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын қазақстандық желілік қоғамдық-саяси басылым.

Өткен жылдың қазан айында Instagram әлеуметтік желісінде The Kazakhstan Monitor аккаунты іске қосылды.

Осы арқылы технологияға, бизнеске, қоғамға, мәдениет пен спортқа қатысты жаңалықтар азаматтарға ағылшын тілінде де қолжетімді болды.

Сондай-ақ, The Kazakhstan Monitor шетелдегі қазақстандықтардың жетістіктері туралы да жиі жазады.

Қазіргі уақытта парақшаға 10 мыңнан астам қолданушы жазылған.


Соңғы жаңалықтар