+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

2021 жылғы 14 маусым 18:08
Бөлісіңіз:
Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, 4 талапкердің орнына тестілеуге елордалық екі жоғары оқу орнының 4 студенті қатыспақ болған.

Ол үшін жалған құжаттар да жасалған. Дегенмен, тұлғаны цифрлық сәйкестендіру Face-ID жүйесі аталған кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл жүйе биыл ҰБТ тапсыратын барлық орталықта енгізілді.

«Бөгде тұлғалар аудиторияға кіре алмады, өйткені ҰБТ-ға кіргізу тұлғаны сәйкестендіру Face ID бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама тіпті егіздерді де анықтай алады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ тапсыру кезінде мектеп оқушылары тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтарды қалай анықтау керектігін жақсы біледі. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында «Алтын белгі« иегері да бар», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Тестіленушілер мен бөгде тұлғаларға қатысты ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді.

Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Биыл ҰБТ тапсыру нысандарында үш сатылы жүйе енгізілген. Атап айтсақ, тестіленуші жеке куәлігін көрсетеді, кейін Face-ID жүйесінен өтеді.

Сондай-ақ әрбір тестілеушінің алдында камера орнатылған.

Осы шаралардың барлығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғандардың саны - шамамен 150 мың адам.

Осы ретте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді академиялық адалдық қағидаларын сақтауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT