+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде-Ақмола облысы

2020 жылғы 21 наурыз 22:52
Бөлісіңіз:
Террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде-Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны қамалды Жамбыл тұрғыны Қостанай облысында коронавирус жұқтырды деген ақпарат – фейк Коронавирус: СҚО-да мессенджер арқылы жалған ақпарат тарап жатыр

«Бүгін наурыздың 21-де сағат 18:15 полицияға Зеренді аудандық ауруханасының жедел жәрдем стансысының фельдшері хабарласып, «103» арнайы желісі арқылы медициналық мекемеге жарылатын зат қойылғаны туралы хабар түскенін айтты.

Дереу оқиға орнына ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, жергілікті атқарушы органдар, аудан прокуратурасы, жедел тергеу тобы және өзге қызметтер жетті. Тәртіп сақшылары медициналық мекеменің қызметкерлері мен науқастарды, яғни, 66 адамды эвакуациялады», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, саперлер ауруханадан жарылғыш затты таппады. Эвакуацияланған адамдар жұмыс орны мен палаталарына қайтты.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 273 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жалған ақпарат беріп, жұртты дүрліктірген адамды анықтап, ұстау бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT