+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

2021 жылғы 23 қазан 15:25
Бөлісіңіз:
Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында полицияға жалған хабар берген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үздік полицейлер марапатталды Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Өз сөзінде ол шаһардағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізді.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты. Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды бірден анықтаған. Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аудару үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - деді басқарма бастығы Андрей Мула.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT