USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстандық Кукушкин қарсыласына есе жіберді

2021 жылғы 27 қараша 17:16
Бөлісіңіз:
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстандық Кукушкин қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан мен Швеция матчы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: Михаил Кукушкин екінші айналымға өте алмады

Алдымен кортқа Қазақстаннан дүниежүзілік рейтингте 183-сатыда тұрған Михаил Кукушкин, Швециядан әлемнің 171-ракеткасы Элиас Имер шықты.

Бірінші партияда швециялық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 4:4.

Екінші сетте де Э.Имер алға кеткенімен, М.Кукушкин таразы басын теңестірді – 4:4. Содан кейін Имер тағы бір брейк жасап, матчқа доп бергенімен, Кукушкин де қалыспады – 6:6. Бірақ тай-брейкте Имердің жолы болды – 7:6 (7:4).

Э.Имер 9 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. М.Кукушкин 1 эйс, 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Тартысты ойын 1 сағат 52 минутқа созылды.

Екінші бәсекеде Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 93-сатыдағы Микаэль Имер күш сынасады.

Содан кейін жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесовке Андре Горанссо мен Роберт Линдстедт қарсы тұрады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қыздардың Азия командалық біріншілігінің чемпионы атанғанын, Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің финалына шыққанын, Қазақстан құрамасы Швециямен кездесетінін жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT