+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

2020 жылғы 26 қыркүйек 19:51
Бөлісіңіз:
Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тимофей Скатов Astana Open турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады Astana Open: Дмитрий Попко тартысты матчта ұтылып қалды Теннис: Елордада алғаш рет Astana Open турнирі өтеді

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда украиналық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Э.Свитолина басым түсті - 6:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 52 минутқа созылды.

Е.Рыбакинаның WTA жарысында финалға дейін жетуі де - жақсы көрсеткіш. Енді ертең Парижде басталатын Франция ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, табысы көбейіп, рейтингісі жоғарылайтыны анық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT