Теннисші Александр Недовесов Өзбекстанда турнирдің екінші айналымына өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (ATP рейтингінің 232-ші нөмірі) Өзбекстанның Карши қаласында Челленджердің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды SPORTINFORM» САА.

Біздің отандасымыз 1/16 финалда 7:6 (7:5), 7:5 есебімен италиялық Андреа Бассоны (310) жеңді. Бұл қарсыластар арасындағы алғашқы матч болды.

Ертең, 9 мамырда Недовесов түрік Джем Илькелмен (258) күш сынайды. Жеке кездесудің есебі Илкелдің пайдасына 2:1 болып аяқталған.

Соңғы жаңалықтар