Теннис: Зарина Дияс Люксембург турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Люксембург WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған З.Дияс бірінші айналымда әлемнің 85-ракеткасы, словакиялық Анна Шмидловамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Зарина қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екіншісінде есеп 1:1 болғаннан кейін қарсыласы күш алып кетті – 6:1.

Үшінші, шешуші сетте Зарина 4:1 есебімен алға шыққанымен, Шмидлова таразы басын теңестірді. Дегенмен есеп 5:4 болған мезетте қазақстандық спортшы төртінші матчболын пайдалана білді – 6:4.

Тартысты өткен матч 2 сағат 10 минутқа созылды.

Бәсеке барысында З.Дияс 1 эйс жасап, 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кортқа шығады. Токиода Б.Бенчич жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинадан айласын асырып кеткен еді.

Жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын Люксембург додасы 19 қыркүйекте мәреге жетеді. Өткен жылы мұнда латвиялық Елена Остапенко жеңімпаз атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін, Юлия Путинцеваның Словениядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар