Теннис: Заңғар Нұрланұлы Мастерс чемпиондық рейтингісінде бір ай бойы көш бастап келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Tennis Europe (ТЕ) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бір ай бойы көш бастап келеді.

Жасөспірімдер арасында ұйымның жалпы кестесінде Заңғар төртінші орында тұр.

Даниэль Тазабеков 22-орында қалса, тағы бір қазақстандық Дамир Жалғасбай Минскіде өткен жарыстың финалына шығуы нәтижесінде 28-сатыға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Анна Данилинаның жұптық сында жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аружан Сағындықова үшінші айналымға шыққанымен, жартылай финалға өте алмады.




Соңғы жаңалықтар