Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің үшінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың 11-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған отандасы Зарина Дияспен кездесті.

Бірінші партияда Путинцева басымдылық таныта білді – 6:2.

Екінші сетте де ол брейкпен алға шықты – 2:0. Юлия матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Қос қазақстандықтың бәсекесі 1 сағат 20 минутқа созылды.

Ю.Путинцева жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 159-сатыдағы Польша өкілі Магдалена Фришті 6:1, 6:3 есебімен қиналмай жеңді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Чарльстон турнирінде З.Дияспен өзара кездесетінін, М.Кукушкиннің Испаниядағы Марбельяда жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аргентинамен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды.





Соңғы жаңалықтар