Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Марсель (Франция) ATP турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 69-ракеткасы М.Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте өзінен он саты төмен тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездесті.
Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Эрбердің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:4).
Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте франциялық спортшы брейк жасап кетті. Содан кейін матчты жеңіспен аяқтады – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 48 минутқа созылды.
Өткен жылы осы турнирде М.Кукушкин табысты өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен болатын.
Тағы бір қазақстандық Александр Бублик осы (жүлде қоры – 769 670 еуро) жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 20-сыншы, осы доданың 6-ракеткасы, франциялық Бенуа Пэрмен сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда Аустралия чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- «Boxam» турнирі: Қоржында 4 медаль, Василий Левит - финалда
- Шорт-тректен ӘЧ: Екі қазақстандық жартылай финалға өтті
- Шорт-тректен ӘЧ: Мадина Жанбосынова жартылай финалға шықты
-
«Boxam» турнирі: Қазақстандық боксшы финалға өтті
-
Дзюдо: Елдос Сметов Ташкентте Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам