+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Теннис: Кукушкин Истбурнда негізгі турнирге жолдама алды

2021 жылғы 20 маусым 21:42
Бөлісіңіз:
Теннис: Кукушкин Истбурнда негізгі турнирге жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада: Михаил Кукушкин жарыс жолынан шығып қалды Күннің ыстығы қатты әсер етті: Ярослава Шведова жарыстан неліктен бас тартқанын түсіндірді Токио-2020: Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты

Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 91-ракеткасы, италиялық Андеас Сеппимен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де брейкпен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндей білді – 7:5.

Бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы бір эйс, қос брейкпен шектелді.

Осылайша қазақстандық теннисші жүлде қоры 547 мың еуродан асатын Истбурн додасына жолдама алды. Оның қарсыласы кейін анықталады. Негізгі турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик те ойнайды.

Әйелдер арасында Истбурн турнирінің іріктеу сайыстарында қазақстандық, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 80-орындағы америкалық Мэдисон Бренглден 5:7, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен мұнда Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда ұлыбританиялық, рейтингте 142-сатыдағы Хэрриет Дартпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 307-сатыдағы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының бірінші айналымында әлемнің 81-ракеткасы, жапониялық Мисаки Доидан 2:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT