Теннис: Қазақстан Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін екінші ойында Александр Бублик Робин Хасемен күш сынасты.

Бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, онда қазақстандық теннисші жеңіске жетті - 7:6 (7:4).

Екінші сетте Бублик қарсыласына бір ғана гейм берді : 6:1.

Осылайша Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір кездесу ойналса да, ештеңе шешпейді.

Енді қазақстандықтар 23-29 қарашада Мадридте өтетін финалдық кезеңде өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан алғашқы ойында есе жібергенін, А. Бубликтің есепті теңестіргенін, бүгін А. Голубев пен А. Недовесовтің алға шығарғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар