Теннис: Елордада алғаш рет Astana Open турнирі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қазан мен 1 қараша аралығында елордада алғаш рет теннистен ATP 250 сериялы Astana Open турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнир барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып өткізіледі.

Теннисшілер үшін үш есе күшейтілген әлеуметтік қашықтық шаралары жасалды. Барлық қатысушылар мен турнир ұйымдастырушылары үнемі ПТР тестілеуден өтуі керек. Көрерменсіз өтетін барлық матчты теннис жанкүйерлері Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, теннисшілердің көпшілігі Франциядан келеді: Бенуа Пир, Ричард Гаске, Адриан Маннарино және басқалар. Сондай-ақ Испания, Сербия, Австралия, Ұлыбритания, Португалия, АҚШ, Италия, Чехия, Молдова, Аргентина, Ресей, Босния және Герцеговина, Беларусь, Германия, Оңтүстік Африка, Финляндия, Жапония, Бельгия, Дания, Нидерланды теннисшілері Astana Open, Уругвай, Хорватия, Бразилия, Үндістан, Эквадор және Монако теннисшілері Astana Оpen корттарына шығады.

Турнирдің жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды.





Соңғы жаңалықтар