Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) дүйсенбіде жаңартылған рейтингісінде Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина 22-ден 21-сатыға шықты.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43-тен 42-ге көтерілсе, Зарина Дияс 93-тен 102-ге сырғып кетті.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.

Ерлер арасында әлемдік рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ден 39-сатыға сырғыса, Михаил Кукушкин 106-дан 105-ке, Дмитрий Попко 197-ден 186-ға жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар