Теннис: Дмитрий Попко Алматы турнирінің финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 195- ракеткасы Дмитрий Попко Алматы челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты.

Бірінші партияны Д.Попко брейкпен бастағанымен, қарсыласы теңестіріп отырды. Дегенмен 6:5 есебімен алға шыққан қазақстандық теннисші өз геймін ала білді – 7:5.

Екінші сетті 22 жастағы бельгиялық спортшы өз есебіне жазды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда З.Бергс 5:1 есебімен алға кетті.

Осыдан кейін Д.Попко жарысты жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Бельгиялық теннисші финалда тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Братиславадағы турнирдің, Т.Скатовтың Алматы жарысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар