Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жеңіліс тапты

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-та All Lower level tournaments көрмесі турнирі аясында кезекті матч өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кортта ол канадалық Лиам Драксльмен кездесті. Теннисшілер үш сет ойнады, нәтижесінде қазақстандықтың қарсыласы мықты болып шықты. Қорытынды есеп - 6: 3, 0: 6, 3:10.

Пандемия кезінде теннис турнирлері жеңілдетілген жүйе бойынша өткізіледі. Ойыншылар кортта аз уақыт болады. Сондай-ақ айтарлықтай өзгерістер төрешілердің санына да енгізілді. Міндетті түрде қатаң санитарлық нормалар сақталады.


Соңғы жаңалықтар