+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Теннис: Денис Евсеев Алматы турнирінің екінші айналымына шықты

2021 жылғы 15 маусым 16:33
Бөлісіңіз:
Теннис: Денис Евсеев Алматы турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында ерлер арасында екінші челленджер турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Күннің ыстығы қатты әсер етті: Ярослава Шведова жарыстан неліктен бас тартқанын түсіндірді Токио-2020: Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты Токио-2020: Теннисші Елена Рыбакина аустралиялық қарсыласын қапы қалдырды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бүгін қазақстандық Денис Евсеев жарыстың екінші айналымына шықты.

Д.Евсеев бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізіп, 6:7 (10:12), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағат 12 минутқа созылды. Денис бір рет эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді. Қарсыласы 19 эйс, 3 брейк жасады.

Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.

Өткен аптада Алматыдағы бірінші челленджер жарысының финалына дейін жеткен тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов бұл жолы босниялық Мирза Башичке 3:6, 1:6 есебімен есе жіберіп, алғашқы айналымнан аса алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілердің анықталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT